Әулие Валентин күнін тойлауға қарысымын - Қарақат Әбден

Президенттікке үміткер Қарақат Әбден Хэллоуинді тойламауға шақырған бейнежазбасына қатысыты пікір білдірді, - деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айтуынша, жастарымызға ұлттық мерекелерімізді дәріптеуміз керек. 

Қоғамның екіге бөлінгенін байқадым. Пікірлерді көріп, әрі қарай оқымаймын деп шештім. Мен өзімді консервативті адаммын деп есептемеймін. Өйткені өзім жастармен жақсы жұмыс істеймін әрі  жасөспірім балаларым да бар. Жалпы, жақсыны жақсы деп жаманды жаман деп тіке айту керек.  Алдымызда керексіз «Әулие Валентин күні» деген мереке келе жатыр. Біз өз ұлттық құндылықтарымызды шаршамай айта беруміз керек. Ұлттық мерекелерімізді дәріптеуіміз қажет, - деді Қарақат Әбден.

Еске сала кетейік, бірер күн бұрын Қарақат Әбден жастарды Хэллоуин мерекесін тойламауға шақырды.

Ұлттық құндылықтарымыз бен салт-дәстүрімізге жат мерекелер бізге не үшін керек? Кеше Алматыда алдымнан бетіне түрлі сурет салған бір топ жас шықты. Хэллоуин сияқты мерекелерге мемлекеттік деңгейде тыйым салу керек деп есептеймін. Балаларымыздың дұрыс тәрбиесіне тиісті көңіл бөлуіміз керек. Салт-дәстүрімізді құрметтеп, ұлттық мерекелерімізді насихаттайық, - деген еді Қарақат Әбден.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: kaz.tengrinews.kz
Өзгелердің жаңалығы