Қарағанды облысында ТЖД қызметкерлері 6 мыңға жуық ауланы аралады

Астана, BAQ.KZ. Қарағанды облысының ТЖ департаменті халық арасында өрт қауіпсіздігі саласындағы білімді арттыруға бағытталған үгіт-насихат іс-шараларын тұрақты негізде өткізеді. Жылыту маусымы басталғаннан бері 45 мыңнан астам ауланы аралап, 140 мыңнан астам адам қамтылды.

Қысқы уақытта тұрғын секторда өрт қауіпсіздігі мәселесі өткір тұр: адамдар электр жылыту құралдарын пайдаланады,пеш және газбен жылытады. Оларды пайдалану кезіндегі бұзушылықтар орны толмас зардаптарға әкелуі мүмкін.

Сонымен, өрттердің пайда болуының алдын алу және халыққа пештердің және жылыту аспаптарының өртке қарсы жағдайына консультациялық көмек көрсету мақсатында өткен демалыс күндері Қарағанды облысының ТЖД барлық азаматтық қорғау қызметкерлері мен әскери қызметшілері, сондай-ақ ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің, Жедел-құтқару жасағының және «Өрт сөндіруші»АҚ Қарағанды филиалының қызметкерлерін тарта отырып, тұрғын секторда кең ауқымды профилактикалық жұмыс ұйымдастырылды.

Өткізілген іс-шаралар өрттердің пайда болуына және адамдардың қаза болуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоюға бағытталған.

Демалыс күндері барлығы 5706 аула аралау жүргізілді, оның барысында тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі шаралары туралы 10620 адамға нұсқау берілді, 165 адам қамтылған тұрғындармен 11 жиын ұйымдастырылды және өткізілді. Қауіпті әлеуметтік топтағы тұлғалардың тұрғылықты жері бойынша 31 рейд өткізілді.

Осындай профилактикалық іс-шаралар азаматтарды өрт қауіпсіздігінің қажетті талаптарын сақтауға шақырады, алайда облыстың барлық азаматтары азаматтық қорғау қызметкерлерінің ұсынымдарына құлақ аспайды.

ТЖД ескертеді!

1. Жатын орында темекі шекпеңіз, темекі тұқылдарын балконнан лақтырмаңыздар;

2. Көп қуатты электр құралдарын бір тоқ көзіне бір уақытта қоспаңыздар;

3. Зақымданған электр сымдар жүйесін пайдаланбаңыздар;

4. Қолдан жасалған тоқ тасымалдағыштарды пайдаланбаңыздар;

5.Киім-кешекті газдың және электр плиталардың үстінде кептірмеңіздер;

6. Балалардың отпен ойнауына жол бермеңіздер;

7. Пештегі тамақты қараусыз қалдырмаңыздар;

8. Жылыту маусымы басталар алдында пештерді жөндеуден өткізіңіздер;

9. Мұржаларды күл-қоқыстан кемінде айына 1 рет тазартып тұрыңыздар;

10. Жанар-жағар майды от тұтатуға пайдаланбаңыздар;

11. Жанып жатқан пеш пен электр жылыту құралдарын қараусыз қалдырмаңыздар;

12. Газ баллонды ауыстырғанда баллонның редуктормен герметикалық жалғануын отпен емес сабынды көбікпен тексеруіңіз қажет;

13. Үйден шығарда газ және электрқұралдарын өшіріңіздер.

Азаматтар! Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыздар, бұл Сіздің үйіңізді және мүлкіңізді өрттен сақтайды, адамдардың өлімі мен жарақаттануын алдын алады!

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы