Аула тұрғындарын тәжірибелі бапкерлер тегін жаттықтыратын жоба қолға алынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордадағы жеке тұрғын үй кешендері бірінің ауласында қала тұрғындары тәжірибелі жаттығушымен бірге спортпен шұғылданды.


Бұл #AulaFit спорттық жобасы Мәдениет және спорт министрлігінің Дене шынықтыру және спорт комитетінің бастамасымен қолға алынып отыр. 


#AulaFit спорттық жобасының мақсаты – спортпен шұғылдануды әр тұрғынға қолжетімді әрі тегін ету. Бұл қазіргі карантин кезінде өте өзекті болып отыр. Жоба Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында басталды. Алдағы уақытта басқа өңірлерде де қолға аламыз, - дейді #AulaFit жобасының жетекшісі Айтжан Мусин.


Оның айтуынша, #AulaFit жобасы министрліктің тапсырмасы бойынша 2020 жылдың мамыр айынан басталған. 


Бұл жоба Нұр-Сұлтан қаласындағы «Олимп Палас», «Азат», «Манхэттен» тұрғын үй кешендерінде өтеді. Қала тұрғындары тәжірибелі жаттықтырушылармен бірге спортпен тегін айналысады. Тұрғындар өз қалталарынан ешқандай ақша шығармайды. Біз жазда да, қыста да спортпен айналысуға керек жабдықтармен қамтамасыз етеміз. Қазіргі кезде тұрғындардың осындай белсенділік көрсетіп отырғанына өте қуаныштымыз, - деді Айтжан Мусин.


Жоба жетекшісінің сөзінен түсінгеніміз, олар осы үш ауламен тоқтап қалмайды. Болашақта қаланың көп бөлігін барынша қамтуға тырысуды мақсат етіп отыр. 


Аула тұрғындарын жинау үшін әлеуметтік желілер қолданылады. Онда хабарламалар жазылып, толық ақпарат беріледі. Жалпы біз тұрғындарды үш топқа бөлеміз. Яғни бірінші топта қарттар, екінші топта үй шаруасындағы әйелдер, ал үшінші топқа балалар жатады. Оларға арналған жаттығулар бөлек жүргізіледі, - дейді жаттықтырушы Күзембай Батырхан.



Әр ауладан бір жаттығуға 5-13 адам шығады екен. Күн сайын спорттық жобаға қатысушылардың саны артып келеді.


                                                                    

                                                                            Ұмсындық НАУРЫЗБАЕВА
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы