Ауқымды вакцинацияға қарамастан Израиль КВИ-дің таралуын тоқтата алар емес
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Израиль вакцинацияның ауқымды нәтижелеріне қарамастан коронавирустың таралуын тоқтата алар емес.
COVID-19-дың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың хабарлауынша, өткен тәулікте елде COVID-19 жұқтырудың 4 800 жаңа жағдайы тіркелді.
Осылайша, жұқтырғандардың саны 1 244 580-ге жетті, пандемия кезінде 7 582 адам қайтыс болды.
Ауруханаға жатқызу статистикасы да өсуде. Қазіргі уақытта ауыр халдегі науқастардың саны 723-ті құрайды.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, COVID-19 вакцинасының алғашқы дозаларын 9,3 млн тұрғынның 6 000 000-нан астамы (64,6 %) алды, шамамен 5,6 млн адам екінші дозасын алды.
3 000 000-нан астам препараттың үшінші дозасымен ревакцинация жасады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ресей ғалымдары спрей түріндегі COVID вакцинасын жасады
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталуы керек
Өзгелердің жаңалығы