Ауғанстанда мина жарылып, автобустағы 34 адам қаза тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауғанстанның батысындағы Фарах провинциясында сәрсенбі күні жолға шыққан автобус жол бойындағы минаға түсіп, салдарынан 34 адам қаза тапты, тағы 17-сі жараланған. Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады.
Есімін атамауды қалаған жергілікті шенеунік жарылыстың бүгін таңертең болғанын хабарлаған.«Жол бойына жасырған минаның жарылуынан автобус аударылып қалған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер қатарында әйелдер мен балалар да бар. Жараланған бірнеше адам көрші Герат провинциясының ауруханасына жеткізілді», - дейді ол.
Сонымен қатар, ауруханаға жеткізілген адамдардың халі ауыр көрінеді, соған қарағанда құрбандар саны өсуі мүмкін. Жергілікті шенеунік жарылысқа «Талибан» қозғалысын айыптауда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы