Ауғанстанның Балх провинциясына Қазақстанның гуманитарлық көмегі жеткізілді
Ауғанстанның Герат провинциясындағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге Қазақстаннан жіберілген гуманитарлық көмектің кезекті партиясы жеткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстаннан Ауғанстанға гуманитарлық жүк жалпы салмағы 1662 тонна болатын 27 вагоннан тұрады. Онда күріш, ұн, өсімдік майы, сүт консервілері, матрацтар, көрпелер, жаймалар, жастықтар, жылы киімдер, шатырлар, зығыр маталар, жастық қаптары мен кереуеттер бар.
Балх провинциясы губернаторының орынбасары А.Идрисс ауған халқы атынан Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа, ҚР Үкіметі мен қазақ халқына тұрақты және жедел гуманитарлық көмек көрсеткені үшін алғыс білдіріп, екі ел халқы арасында берік достық байланыс бар екенін атап өтті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Сынбаған саңлақтар
Келесі жаңалық
Алматы облысында ер адам әйілінің басын балғамен ұрған
Өзгелердің жаңалығы