Ауғанстаннан жеткізілген жолаушылардың ПТР тестінің нәтижелері белгілі болды
Алматы, BAQ. KZ тілшісі. Ауғанстаннан жеткізілген жолаушылар ПТР тестін өткізді ме? Жалпы ауған жерінен қанша адам келді. Бұл сұрақтарға Алматы әкімдігі жауап берді.
Қала әкімдігінің мәліметінше, тамыздың 19 күні Кабулдан 2 рейс ұшып келген. Бірінші рейспен Қазақстанның 26 азаматы келген, оның алтауы бала. Сондай-ақ көрші Қырғыз елінің 15 азаматы ұшып келген, олар әуежайдан бірден еліне аттанған.
27 Қазақстан азаматы «Shera Inn» қонақүйіне орналастырылды. Екінші рейспен БҰҰ-ның 135 дипломатиялық миссиясы келді. Олардың ішінде Ауғанстан азаматтары жоқ. Бұл азаматтар «Rixos» қонақ үйіне орналастырылды,-деп жауап берді әкімдік.
Тамыздың 22 күні қалаға Кабулдан БҰҰ-ның тағы 108 дипломаты жеткізілген. Олар «Интерконтиненталь» қонақүйіне орналстырылған.
Ауғанстаннан келгендердің барлығын Ұлттық сараптама орталығының мамандары коронавирусқа қарсы тексеріп, ПТР тестін алды. Жолаушылардың ешқайсысынан оң нәтиже анықтадмады,-деді әкімдіктегілер.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы