CІМ ауған босқындары туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Әлеуметтік желілерде Ауғанстаннан келген босқындар Шымкент қаласына орналастырылады деген ақпарат таралуда.
Ақпаратта әскери киімді адамдардың арнайы төсек орындарын дайындап жатқаны жайлы фотосуреттер мен видеолар да жарияланған. Хабарламада ауғандардың Шымкент қаласына 2 мың легі және Түркістан облысына 5 мыңы келеді деліген.
«Талибан» лаңкестік ұйымының Ауғанстандағы елді мекендердің көп бөлігін басып алуына байланысты АҚШ Мемлекеттік департаменті Орталық Азияның барлық бес республикасына АҚШ әскерін қолдаған ауған азаматтарының отбасы мүшелерін орналастыру туралы үндеу жолдады. Қазақстан Республикасының Үкіметі Ауғанстанның 70 мың азаматын қабылдауға рұқсат берді, оның ішінде екі мың адам Шымкентке (Түркістан облысы - бес мың адам) орналастырылады. Алғашқы 500 адам 2021 жылы 15 тамызда 21: 00 -де қала әуежайына келеді. Келушілер Тогус тұрғын алабының №120 орта мектебінде (Еңбекші ауданы) және 1 мамыр көшесіндегі «Оралмандар үйінде» (Абай ауданы, Қастеев атындағы өнер мектебінің бұрынғы жатақханасы) орналасады. Қалған бір жарым мың адам бірнеше күн ішінде келеді , - делінген хабарламада.
ҚР Сыртқы істер министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды. Министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияров таратылған мәліметтердің жалған екенін мәлімдеді.
Ол ҚР Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан Ауғанстаннан босқындарды қабылдауға дайындалып жатыр деген ақпаратқа түсініктеме берді.
Бүгінгі күнге дейін таратылған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Ауғанстандағы жағдай сағат сайын өзгеріп отыр, сондықтан нақты шешім туралы айту әлі ерте, - деп хабарлады министрлік.