Ауғанстанмен қақтығыс кезінде Пәкістанның 58 сарбазы қаза тапты

Ауғанстан мен Пәкістан шекарасында қарулы қақтығыс салдарынан Пәкістанның 58 әскери қызметшісі қаза тауып, тағы 30 адам жарақат алды. Бұл туралы 12 қазанда Ауғанстан үкіметінің ресми өкілі Забиулла Муджахид мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ TOLO News-ке сілтеме жасап.

Муджахидтің айтуынша, Ауғанстан Ислам Әмірлігінің күштері «Дюранд сызығы» бойында жауап операциясын жүргізіп, Пәкістанның 20 қауіпсіздік бекетін жойған. Сондай-ақ, ауған тарапының өзінен тоғыз жауынгер қаза тауып, 16 адам жараланған.

Ауғанстан өз әуе кеңістігі мен аумақтық тұтастығын қорғауға құқылы және ешбір шабуылды жауапсыз қалдырмайды, - деді Ауғанстан Қорғаныс министрлігі.

Бұған дейін Кабул Пәкістанның ауған территориясына соққы бергенін мәлімдеп, бұл әрекетті ел егемендігіне қол сұғу деп бағалаған.

11 қазанда басталған операция барысында Ауғанстан Әскери-әуе күштері Пәкістанның Лахор қаласы маңындағы позицияларға әуе соққысын жасаған. Бұл — екі ел арасындағы ұзақ жылдар бойы жалғасып келе жатқан шекаралық даудың жаңа шиеленісуі болып отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы