Ауғанстанға өсімдік майының ірі партиясын алып өтпек болғандар ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы бойынша ҚМА департаментінде ЖШС-не қатысты ҚК-нің 234-бабының 2-ші бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді.
Бұл туралы ҚМА баспасөз қызметі хабарлады.
5 ақпан күні Сарыағаш ауданындағы «Капланбек» кеден бекетінде 9 жүк автокөлігі тоқтатылып, тексеру барысында олар ел аумағынан Ауғаныстан Республикасына өсімдік майларын алып өтпекші болғаны анықталды, - делінген хабарламада.
Контрабандалық тауардың жалпы құны 97 млн тенгеден астам.
ҚПК-нің 201- бабына сәйкес басқа ақпарат жария етуге жатпайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы