1 Қыркүйек 2025 2025, 14:10 Фото: Х/CNBCTV18Live

Ауғанстандағы жер сілкінісі: 500-ден астам адам қаза тапты

Ауғанстанда магнитудасы 6 балға жеткен жойқын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ауғанстанда магнитудасы 6 балға жеткен жойқын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы (EMSC) мәлімдеді.

Сейсмикалық дүмпулер шамамен 200 мың тұрғыны бар Джелалабад қаласының маңында орын алған.

Зілзаланың эпицентрі елді мекеннен 50 шақырым солтүстік-шығыс жақта орналасқан, ошақ 10 шақырым тереңдікте болған, – деп нақтылады орталық мамандары.

Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқандар саны 500-ге жетіп, 1000-нан астам адам жарақат алған.

АҚШ Геологиялық қызметінің ақпаратына сәйкес, магнитудасы 6,0 жер сілкінісі дүйсенбіге қараған түні жергілікті уақытпен Джелалабад қаласынан шамамен 20 шақырым қашықтықта, Пәкістан шекарасына жақын аймақта тіркелген.