Кеше 2026, 14:19
Фото: pixabay.com
Ауғанстандағы жер сілкінісі: Бір отбасынан сегіз адам қаза тапты
Отбасынан сәби ғана аман қалған.
Ауғанстанда магнитудасы 5,8 болған жер сілкінісі бір отбасының сегіз мүшесінің өмірін қиды, деп хабарлайды BAQ.KZ Al Arabiya-ға сілтеме жасап.
Елдің Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, жер сілкінісі жұма күні кешке солтүстік-шығыстағы Бадахшан провинциясында 186 шақырым тереңдікте болған.
Жерасты дүмпуі елдің бірнеше өңірінде, соның ішінде астана Кабулда да сезілгені атап өтілді.
Кабул провинциясындағы Госфанд-Дара ауданында жер сілкінісі салдарынан бір отбасының сегіз мүшесі қаза тапты, – деді Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Шарафат Заман.
Оның айтуынша, сол отбасынан шамамен екі жастағы бір сәби ғана аман қалған.