Ауғанстандағы су тасқынынан 23 адам қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауғанстанның 10 провинциясында орын алған су тасқыны 23 адамның өмірін жалмады. Бұл туралы «Анадолу» агенттігі хабарлады. 

Белгілі болғандай, су тасқыны елдің шығысында орналасқан 10 провинцияда, соның ішінде Майдан Варанке, Пактике, Нангархаре, Нуристане, Парване, Панчсире мен Пактияда байқалып отыр. Табиғи апатқа бірнеше күн бойы толассыз жауған жауын-шашын себеп болған. 

Тілсіз жаудың құрбандары 23-ке жетіп, 20-дан астам адам зардап шеккен. 2500-ден астам үй қирап, 2 мың бас мал қырылып қалды. 

Оқиға орнына жедел жәрдем бригадалары жіберіліп жатыр. Сонымен қатар аймаққа жан-жақтан гуманитарлық көмек жөнелтілуде.  

Соңғы айда Ауғанстандағы 20 провинцияда сел 90-нан астам адамның өмірін жалмап, 120 адамға зиян келген.  

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы