Ауғанстанда жауған қар мен аяздан 3 адам қаза тапты
Ауғанстанның солтүстігіндегі Бадахшан провинциясында қалың жауған қар мен аяз үш адамның өмірін қиды, деп жазады Синьхуа.
Бұл туралы сенбі күні облыстың ақпарат және мәдениет департаментінің директоры Хекматулла Мохаммади мәлімдеді.
Оның айтуынша, жұма күні күндіз Рағыстан ауданындағы Навабад ауылында қайғылы оқиға болған: үш бала басқа ауылға кетіп бара жатып, қалың қар мен суықтың салдарынан жолда қайтыс болған.
Сондай-ақ, қалың қар мен аяз кей жерлерде көлік кептелісіне әкелді, соның ішінде Кабулды солтүстіктегі тоғыз провинциямен және Орталық Азия елдерімен байланыстыратын маңызды жол болып табылатын Саланг асуы да бар.
Бадахшанда жыл сайын қатты аяз болып, қар жауады, бұл халық үшін күрделі мәселелер туғызады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
6 желтоқсанға арналған валюта бағамы жарияланды
Өзгелердің жаңалығы