Ауғанстанда су тасқынынан қаза тапқандар саны 40-тан асты
Ауғанстанның шығысында орналасқан Вардак провинциясындағы су тасқынынан 40 адам қаза тауып, 44 адам жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
24.kz деректеріне сүйенсек, 320 гектар жер су астында қалған. Бұл туралы Ауғанстанның Төтенше жағдайларды басқару басқармасының ресми өкілі Шафиулла Рахими мәлімдеді.
Сенбі күні Вардак провинциясының бір бөлігінде қатты жаңбыр жауып, салдарынан су тасқыны болды. Салдарынан 36 азамат іс-түссіз жоғалып кетті, - деді Шафиулла Рахими.
Сондай-ақ оқыс оқиға кезінде 250 бас мал қырылып, 400 үй қираған. 320 гектар жер су астында қалды.
Аударған: Назерке Өтеген
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шымкентте 3 жылда 800 шақырым жол жөнделді
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталуы керек
Өзгелердің жаңалығы