6 Қыркүйек 2021 2021, 08:35

Ауғанстанда ішкі әуе рейстері қайта жандана бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елдің ең ірі әуе тасымалдаушысы бірнеше бағыт бойынша әуе рейстерінің ашылғанын хабарлады, деп жазды 24.kz.

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елдің ең ірі әуе тасымалдаушысы бірнеше бағыт бойынша әуе рейстерінің ашылғанын хабарлады, деп жазды 24.kz.

Атап айтқанда, ұшақтар Кабулдан Герат, Мазари-Шариф пен Кандагар қалаларына қатынай бастайды.

Айта кетейік, қазір Кабул әуежайы гуманитарлық жүктерді қабылдауға дайын. Көп ұзамай ол халықаралық рейстерге де қызмет көрсетпек.