Ауғанстанда дауылдан 35 адам көз жұмды

Ауғанстанның шығысында төпелеген нөсер қатты дауылға ұласып, 35 адам көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Тағы 300-ге тарта тұрғын жарақат алып, Нангархар провинциясының ауруханасында жатыр. Құрбан болғандар арасында бір отбасының 5 бірдей мүшесі бар. Төтенше жағдай қызметі өкілдерінің айтуына қарағанда үйдің төбесі дүлей желге шыдас бермей, опырылып түскен. 

Қазір елді мекендерде табиғи апаттың салдарымен күрес жүріп жатыр. Мамыр айында Бағлан провинциясында дәл осындай табиғи апаттан жүздеген адам көз жұмды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы