Ауғанстанда болған жер сілкінісі Қазақстанның оңтүстігінде сезілді

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты "Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының" хабарлауынша, 2025 жылғы 3 қарашада Астана уақытымен сағат 01:29-да жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Зілзаланың эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай шамамен 1079 шақырым жерде, Ауғанстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің магнитудасы MPV 6.2, тереңдігі 120 км болды.

Сейсмологтардың мәліметінше, дүмпулер Қазақстанның оңтүстігінде әлсіз сезілді:

  • Шымкент қаласында – 2 балл,
  • Түркістан облысының Мақтаарал ауданы Мырзакент ауылында – 2 балл,
  • Жетісай қаласында – 2 балл,
  • Шардара қаласында – 2 балл (MSK-64 шкаласы бойынша).

Құрбандар мен қираулар туралы ақпарат жоқ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы