15 Қараша 2026, 14:49 Фото: istockphoto.com

Ауғанстанда алтын кенішінің опырылуынан екі адам қаза тапты

Тағы алты кенші жарақат алды.

Ауғанстанның солтүстігіндегі Бадахшан провинциясында шахта опырылып, екі адам қаза тапты. Тағы алты кенші жарақат алды. Бұл туралы Report агенттігі Xinhua агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.

Оқиға Арғанжхва ауданында болған. Шахта опырылған сәтте бір топ кенші жергілікті алтын кенішінде жұмыс істеп жатқан.

Өңірлік полиция өкілі Эхсанулла Камгардың айтуынша, қаза тапқандар мен жараланғандардың денелері тікұшақпен провинцияның әкімшілік орталығы Файзабад қаласындағы ауруханаға жеткізілген.