Ауғанстан – Орталық Азияның дәлізі – Жұманғарин

Қазақстан мен Ауғанстан бизнес форумында Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин осылай деп мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ауғанстан қазіргі таңда Қазақстан үшін сауда үшін жоғары қызығушылық тудыратын Пәкістан мен Үндістанға апаратын Орталық Азияның көлік дәлізі болып отыр. Біз Пәкістанның ірі NLC (National Logistics Cell) логистикалық компаниясымен келіссөздер жүргіздік. Ол ауған компанияларымен де тығыз жұмыс істейді. Қазірдің өзінде компания Ауғанстан аумағы арқылы автомобиль көлігімен Пәкістанға жүктерді тасымалдау бойынша қысқа мерзімде бәсекелестік тарифтерді ұсынумен және қауіпсіздікті қамтамасыз етумен сервис ұсынады, – деді Сауда министрі.

Жұманғариннің атап өтуінше, Қазақстан Мазари-Шариф-Кабул-Пешавар темір жол транс-ауған көлік дәлізін салу бастамасын жоғары бағалайды.

Бұл Орталық Азия елдерінің Оңтүстік Азия, Таяу Шығыс елдерімен үздіксіз өңіраралық ынтымақтастығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл бағыт сауда-экономикалық алмасу динамикасына жаңа серпін береді, - деді вице-премьер.

Бұған дейін Жұманғарин Ауғанстанмен байланыстың әлеуеті туралы айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов
Өзгелердің жаңалығы