Ауғанстан мен Пәкістан уақытша бітімге келді
Ауғанстандағы "Талибан" үкіметі мен Пәкістан билігі шекарада болған қарулы қақтығыстардан кейін уақытша атысты тоқтату туралы келісімге келді, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.
48 сағатқа созылатын бітім сәрсенбі күні сағат 13:00-де күшіне енді. Екі тарап та атысты тоқтатуды екіншісі ұсынғанын хабарлады.
Бұған дейін шекара маңындағы Спин-Болдак ауданында болған атыс салдарынан ондаған адам қаза тауып, жүзге жуық адам жараланғаны хабарланған. Алайда бұл деректер тәуелсіз көздермен расталған жоқ.
Қақтығыстар Кабул мен Кандагардағы жарылыстардан кейін өршіді. Пәкістан тарабы Ауған аумағындағы нысандарға әуе шабуылдарын жасағанын мәлімдесе, «Талибан» үкіметі мұндай ақпаратты теріске шығарды.
БҰҰ мен халықаралық қауымдастық тараптарды ұстамдылық танытып, бейбіт тұрғындарды қорғауға шақырды. Сарапшылардың пікірінше, екі ел арасындағы шиеленіс өңірлік қауіпсіздікке елеулі қауіп төндіруі мүмкін.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Таразда экономикалық саясаттың негізгі бағыттары талқыланды
Өзгелердің жаңалығы