Бүгiн 2026, 17:10 Фото: istockphoto.com

Ауғанстан мен Пәкістан шекарасында жер сілкінді

Жерасты дүмпулері Исламабад пен Гилгит-Балтистан өңірінде де сезілген.

Ауғанстанның Пәкістанмен шектесетін аумағында магнитудасы 5,3 болатын жер сілкінісі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

АҚШ Геологиялық қызметінің (USGS) мәліметіне сәйкес, жерасты дүмпулері елдің солтүстік-шығысындағы Бадахшан провинциясындағы Джурм ауданынан оңтүстікке қарай 27 шақырым жерде тіркелген.

Жер сілкінісінің ошағы 198,8 шақырым тереңдікте орналасқан.

Сонымен қатар дүмпулер Пәкістанның Гилгит-Балтистан өңірінде және ел астанасы Исламабадта да сезілген.

Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.