Ауғанстан аумағында жер сілкінісі тіркелді

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты "Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығы" ЖШС-нің сейсмикалық стансалар желісі 29 шілде күні Астана уақытымен сағат 16:24-те жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жерасты дүмпуінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 865 шақырым қашықтықта, Ауғанстан аумағында орналасқан.

Эпицентр координаттары:

  • Ендік: 36.956° солтүстік
  • Бойлық: 70.864° шығыс
  • Тереңдігі – 120 км.

Алдын ала есеп бойынша, жер сілкінісі Қазақстан аумағында сезілмеген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы