Ауған соғысы ардагерлеріне мемлекеттік наградалар табысталды
Бүгін Мәжілісте Ауғанстандағы әскери операцияларға қатысқан ардагерлерге мемлекеттік наградалар тапсырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Республика күніне орай берілген марапаттарды Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл салтанатты түрде табыс етті.
Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес Боровский Анатолий Владимирович «Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен – Данабеков Ержан Сүлейменұлы, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен – Айтбаев Савет Мұратұлы марапатталды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Түркістанда «Түркі әлемінің орталығы» ғимараты салынады
Келесі жаңалық
6 желтоқсанға арналған валюта бағамы жарияланды
Өзгелердің жаңалығы