Ауған ардагерлерін қолдаудың жаңа шарасы іске асырылуда
Қарағанды облысында Ауған ардагерлерін қолдаудың жаңа шарасы іске асырылуда, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қарағанды облысында алғаш рет Ауған соғысының 94 ардагері тегін шипжай-курорттық емделуден өтеді. Мұндай шешім Қарағанды облыстық мәслихатының отырысында қабылданды.
Сауықтыру мүмкіндігі – Ауғанстаннан әскерлердің шығарылуының 35 жылдығына арналған тамаша сыйлық. Ауған ардагерлері жылына кемінде бір рет шипажай-курорттық ем қабылдауы керек. Бізге назар аударылып жатқанына ризамыз. Ардагерлеріміздің екінші партиясы емделуден оралады. Біз жергілікті атқарушы органдармен одан әрі жемісті ынтымақтастыққа үміттенеміз, – деді "Ардагер" ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері қоғамдық бірлестігінің төрағасы Талғат Хасенов.
Ардагерлер Түркістан облысындағы "Ақсу демі" шипажайында сауықтырудан өтуде. Курс 14 күнді құрайды. Ардагерлерге келесі жылы тегін шипажай-курорттық ем беру жоспарлануда.
Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының баспасөз қызметінің ақпараты бойынша шипажайға жолдама алу үшін ардагерлер тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне жүгінуі қажет.