Әуежайға мемлекеттен ешқандай субсидия берілмейді – Нәлібаев

Қызылорда әуежайы өткен жылы 5 млн пайда әкелген. Әуежайдың биылғы пайдасы туралы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Әуежай құрылысына 21 млрд қаржы кеткен. Әкім сөзінше, облыстық бюджеттен 4 млрд 300 млн теңге қаражат бөлінген. Ал қалған ақша «Болат Өтемұратов» қорынан бөлінді. Бүгінде әуежай толық жоғары сапада қызмет көрсетіп отыр. 2024 жылдың 12 қарашы күні іске қосылды.

Мемлекеттен ешқандай субсидия берілмейді. Әрине, табыс аз. Себебі, рейстер аз. Негізінен Астана, Алматы қалаларына рейстер қатынайды. Анталияға, Ыстанбұлға рейстер аштық. Бірақ бұл бағыттар тек жазда ғана ашылады, - дейді әкім.

Алдағы уақытта әуежай жұмысын күшейтіп, жаңа бағыттарға рейстер ашуды жоспарлап отырмыз. Осыған дейін Орал қаласына ашылған рейстер адам жоқ болған соң, тоқтатылды дейді әкім.

Қазіргі таңда сұранысқа сай, Астана, Алматы қаласына күніне үш реттен рейстер қатынап отыр, - дейді ол.

Нәлібаевтың сөзінше, әуежайдың бүгінде ешқандай қарызы жоқ. Ол аз пайда тапса да, өзіне өзі жұмыс істеуде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов - архив
Өзгелердің жаңалығы