Әуежайдың шекарасында қалып қойған саяжайлармен не болмақ?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Jetisy media алаңында Талдықорған қаласының әкімі Әсет Масабаев айтты.
Естеріңізде болса, былтыр Талғарда ұшақ құлап, аудандық әкімдік заңды белден аса отырып, халыққа жер телімдерін заңсыз сатқан деген айып тағылған еді.
Егер сот, бұл айыпты қанағаттандырса, әуежай маңындағы үйлер сүрілуі мүмкін. Дәл осы жағдай Талдықорған қаласында да қайталануы мүмкін. Себебі, әуежай маңындағы 4 шақырым санитарлық аумаққа кіреді. Бұнда Сарыбұлақ саяжайы, 70-тен астам үй мен жер учаскесі бар. Сонымен қатар бірнеше шаруа қожалықтары жұмыс істеп тұр.
Жалпы, осы аймақта қандай да бір нысан салу үшін Талдықорған қалалық әуежайы комиссиясының келісімі қажет. Тіпті, әуежайдың өзі Қорғаныс министрлігінің «21751 әскери бөлімінің» аумағында орналасқан. Сондықтан, олар Қарулы Күштердің қолда бар арсеналдарына, базалары мен қоймаларына қатысты тыйым салынған аймақты айқындайды.
21751 әскери бөлімінің мәліметінше, әуежай аумағындағы тыйым салынған жер учаскелерінің жоспарын әзірлеп және бекіту үшін құжаттар Алматы облысының әкімдігіне жіберілмек. Бүгінде Қорғаныс министрлігі тарапынан тыйым салынған аймақтағы жер учаскелерінің иесін анықтау жұмысын жүргізу мақсатында қаражат бөлінген, - делінген хабарламада.
Өз кезегінде облыс әкімдігі «Азаматтарға арналған үкіметпен» бірлесе отырып, әскери бөлімнің тыйым салынған аймағын нақтылайтын, сонымен қатармемлекет мұқтажын қамтамасыз ету үшін иеліктен шығаруға жататын жер учаскелерінің құжаты дайындалмақ. Осыған орай, «Сарыбұлақ» саяжайының қала құрылысы құжаттамасын әзірлеу жұмысы жүргізілмейді.
Айта кетерлігі бүгінде Талдықорған қаласы әкімінің бірінші орынбасары төрағалығымен шаһар аумағындағы саяжайлардың құжаттарын дайындау мақсатында жұмыс тобы құрылған. Сондай-ақ шаһарда жалпы ауданы 920 гектар болатын 12 саяжай қоғамы бар. Ондағы 6269 үйде 20 мың адам тұрады.