Әуежайдан өрмекшіні өткізбек болған

Германияның батысындағы Кельн-Бонн халықаралық әуежайында кеден қызметкерлері шоколадты тәтті қораптан 1500 өрмекшіні тәркіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Кельн кеден қызметінің ресми өкілі Йенс Ахланд хабарлады.

Кеден мамандарының айтуынша, күдік тудырған себеп 7 келі кондитерлік өнімге ұқсамайтын ерекше иіс болған. Тексеру барысында шоколадты бисквитке арналған деп көрсетілген қораптардан пластик контейнерлерге салынған өрмекшілер табылған.

Әуежайдағы әріптестерім әлемнің әр түкпірінен келетін тыйым салынған сәлемдемелерді жиі ашады. Бірақ бұл жолғы табылған зат тіпті ең тәжірибелі қызметкерлерді де таңғалдырды, - деді Ахланд.

Ахландтың айтуынша, бұл оқиға экзотикалық жануарлар саудасының көлеңкелі тұстарын тағы бір мәрте әшкерелеп отыр. Ол жануарларды тек табыс көзі ретінде қарастыру жануарларды қорғау талаптарын елемеумен тең екенін атап өтті.

Кеден мәліметіне сәйкес, өрмекшілердің көпшілігі тасымалдау кезінде қаза тапқан. Ал тірі қалғандары арнайы лицензиясы бар сарапшының қарауына тапсырылған.

Қазіргі уақытта Германияның жануарларды қорғау және кеден заңнамаларына сәйкес тергеу басталды. Сәлемдеменің нақты кімге арналғаны және оның құны анықталып жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы