Әуежайдан 160 мың АҚШ долларын алып өтпек болған жолаушы ұсталды

Жолаушы Астана әуежайы арқылы 160 мың АҚШ долларын алып өтпек болған, деп хабарлайды BAQ.KZ халықаралық әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана халықаралық әуежайының Авиациялық қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері ұшу алдындағы тексеру жүргізу барысында шамамен 160 000 АҚШ доллары көлеміндегі қаражатты шетелге алып өтпек болған жолаушыны анықтады. Тексерістен кейін әуежай қызметкерлері жолаушыны аталған қаражатпен бірге құзырлы органға тапсырды, - делінген қалалық әуежай таратқан хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 14 наурыздағы Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы Жарлығына сәйкес 10 000 АҚШ долларының баламасынан асатын сомада қолма-қол шетел валютасын әкетуге тыйым салынады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов - архив
Өзгелердің жаңалығы