Әуежайдағы жол апаты. Тергеу басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы әуежайында ұшақ пен көліктің соқтығысу оқиғасына қатысты тергеу басталды.
22 қазанда жоғарыда аталған факті бойынша ҚК 344-бабының 1-бөлігі (әуе көлігінің қозғалыс қауіпсіздігі және пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта іс бойынша қажетті тергеу амалдары жүргізілуде, - деді көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомствода атап өткендей, өзге ақпарат ҚІЖК 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесінде жария етілмейді.
Естеріңізге сала кетейік, Алматы әуежайында көлік пен ұшақ соқтығысып қалғаны туралы хабарлаған болатынбыз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
1 қаңтардан бастап мәслихат хатшыларының жалақылары өседі
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы