Әуежайдағы оқиға: Қылмыскер 12 жылға сотталуы мүмкін

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов әуежай қызметкеріне шабуыл жасаған ер адамның қанша жылға сотталуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Әр қылмыстық баптар бойынша жауапкершілік көзделген. Саралау нәтижесінде ауыр қылмыстарға жатқызылды. Қазіргі таңда іс соттың құзіретінде. Ал санкция бойынша 12 жылға дейін басбостандығынан айырылуы мүмкін, - дейді Әділов Мәжіліс кулуарында.

Әділов азаматқа қандай баптар бойынша іс қозғалып жатқанын атап өтті:

- Кепілге алу (ҚР ҚК-нің 261-бабы 2-бөлігі 4-тармағы) - мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы.

- Қару қолдану арқылы жасалған бұзақылық (ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігі) - 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы.

- Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау (ҚР ҚК-нің 273-бабы) - 5 000 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін біз Ішкі істер министрлігі Алматы әуежайында болған оқиғаға қатысты пікір білдіргені туралы жазған болатынбыз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Видеодан скрин
Өзгелердің жаңалығы