Әуежайда жолаушылар мінген ұшақ өртке оранды
АҚШ-тың Денвер қаласындағы халықаралық әуежайда American Express әуе компаниясына тиесілі Boeing 737 Max ұшағының қону тірегі өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Салдарынан борттағы 179 жолаушы шұғыл эвакуацияланды.
Ұшақ Майами қаласына бағыт алған. Ұшу жолағымен қозғалған сәтте шассидің тұсынан өрт шығып, экипаж дереу ұшақты тоқтатуға шешім қабылдаған. Жолаушылар үрленетін сырғу жолақтары арқылы шұғыл эвакуацияланды.
Куәгерлердің айтуынша, ұшақтың артқы бөлігін қою түтін басқан. Оқиға салдарынан ауыр жарақат алғандар жоқ. Алайда бес адам жеңіл жарақат алып, бір жолаушы сақтық мақсатында ауруханаға жеткізілген.
Оқиғаның нақты себебі әлі анықталған жоқ. Алдын ала болжам бойынша, техникалық ақау себеп болуы мүмкін. АҚШ авиациялық органдары тексеру жұмыстарын бастады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қытайда нөсер жауыннан екі адам қаза тапты
Өзгелердің жаңалығы