Әуежайда тасымалдауға тыйым салынған заттар сақталмайды: жаңа тәртіп енгізілді

Қазақстан әуежайларында авиациялық қауіпсіздік талаптарына сәйкес, әуе көлігімен тасымалдауға тыйым салынған заттарды сақтау тәжірибесі тоқтатылады. Бұл шешім жолаушыларға қызмет көрсетуді оңтайландыру және халықаралық стандарттарға сәйкестендіру мақсатында қабылданды. Бұл туралы Көлік министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жолаушыларға қауіпті заттардың тізімімен алдын ала танысу ұсынылады. Толық ақпарат әуе компаниялары мен әуежайлардың ресми сайттарында, сондай-ақ тіркеу және тексеру пункттерінде қолжетімді.

Қол жүгінде тасымалдауға болмайтын заттарға сыйымдылығы 100 мл-ден асатын сұйықтықтар, аэрозольдер, гельдер және қауіпті өнімдер жатады. Сондай-ақ зауыттық қаптамасы жоқ тағам түрлерін (бал, джем, сүт және үй жағдайында дайындалған өнімдер) алып өтуге тыйым салынады.

Тәркіленген заттарды жолаушылар шығарып салушы азаматтарға қалдыра алады. Қарапайым ережелерді сақтау – ұшу қауіпсіздігі мен әуежайдағы қолайлы жағдайды қамтамасыз етеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы