Әуежайда ерлік көрсеткен азамат оқиғадан кейін қолдарын көрсетті
Әуежайда болып, кепілге алынған қызды құтқарған батыр Мұса Әбдірайым оқиғаның қалай болғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ Tengri Life сілтеме жасап.
Ол қылмыскердің қолындағы пышақты қалай тартып алғаны туралы айтты.
Кепілге алынған қыздың орнына өзімді ұсындым. Ол келісім берді. Мен оған жақындадым. Жанымда тұрған полицейлер оны сөзбен алдай тұруға тырысты. Мен пышақтан көз алмадым. Сөйтіп дер кезінде пышақты жұлып алдым. Өзімнің жараланып қалуым туралы ойлаған да жоқпын. Ең бастысы – пышақты тартып алу болды, – деді ол.
Сондай-ақ, ол қаскөйдің жанында тұрған кезде оған жұбату сөздерін айтқанын жеткізді.
Бастысы – оны алаңдатып, пышақты тартып алу еді. Оның 67 жаста екенін естідім, бірақ жасы кіші көрінеді, – деді Мұса Әбдірайым.
Осыдан кейін ол қолдарын көрсетті, абырой болғанда, халық батыры жарақат алмаған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астанада мектеп маңында жалаңаш жүгіріп жүрген ер адам ұсталды
Келесі жаңалық
6 желтоқсанға арналған валюта бағамы жарияланды
Өзгелердің жаңалығы