Қазақстандық әуежайларда жолаушылар ағынының өсімі байқалуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының әуе тасымалдар бағасын төмендетуге қатысты тапсырмасын орындау мақсатында отандық әуе компаниялар ішкі бағыттар бойынша билеттің орташа құнын орта есеппен 12%-ға төмендетті.

Қазақстандағы алғашқы бюджеттік әуе компанияны іске қосу әуе тасымалдар нарығына елеулі әсер етті. Сондай-ақ, жалпы алғанда ішкі нарықтағы бәсекелестікті арттыруға мүмкіндік берді. Бұл әуе билеттердің тарифтерін төмендеуіне алып келді.

Fly Arystan авиакомпаниясының нарыққа келуімен Қазақстан әуежайларында жолаушылар ағынының өсуі байқалды, Нұр-Сұлтан - 48%, Алматы - 45%, Семей - 1013%, Тараз - 734%, Павлодар - 117%, Қарағанды ​​- 90%, Шымкент - 57 %, Орал - 54%, - делінген таратылған ақпаратта.

Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен және квазимемлекеттік субъектілерімен бірлесіп, әуе билеттерінің құнын төмендету бойынша бірқатар шараны қолдану бойынша жұмыс жүргізуде.

Сонымен бірге, мемлекет басшысының әуеотынға бағаны төмендетуге қатысты тапсырмасын орындау мақсатында индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Б. Камалиев Қазақстанда ұшуларды жүзеге асыратын шетелдік әуе компаниялармен мен негізгі әуежайлармен кеңес өткізді.

Мемлекет меншігіндегі әуежайларға авиаотынның құнын орташа нарықтық деңгейге дейін төмендету және шетелдік әуе компаниялармен шарттардың осы шешіміне сәйкес келтіру тапсырылды.

Авиаотынның құны әуе тасымалдар құнының ең үлкен үлес салмағын алады - 30% дейін.

 Кездесуге Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Алматы, Шымкент, Ақтау қалаларының әуежайлары және Air China Limited, China Southern Airlines, Turkish Airlines, "Атласглобал", "Аэрофлот", Fly Dubai, Uzbekistan Airways, Pegasus, Etihad Airways, Siberia Airlines, Ural Airlines және "Белавиа" шетелдік әуе компаниялары өкілдері қатысты. 

Жалпы алғанда, әуеотын мен әуебилеттердің құнын төмендету мәселесі министрліктің тұрақты бақылауында болады және осы мәселе бойынша жұмыс тұрақты негізінде болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы