Нұр-Сұлтан әуежайының коды қашан бекітілетіні белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының коды 2020 жылы қаңтар айында бекітіледі. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Аталмыш өзгерістер биылғы жылдың 14 қазанында Варшава қаласында (Польша) IATA-ның барлық мүшесінің қатысуымен Жолаушылар тасымалы стандарттары (Passenger Standards Meeting) бойынша кеңесте қолдау тапты. IATA-мен бірге жаңа кодтың бірнеше нұсқасы талқылануда. Соңғы нұсқаны қабылдау келесі жылдың басында күтілуде", - делінген хабарламада.

Ведомствоның деректеріне сүйенсек, қазір елордалық әуежайдың жаңа кодын ауыстыруға қатысты IATA 763 Резолюциясына енгізілген өзгерістердің күшіне ену рәсімдері өткізіліп жатыр. Бұл өзгерістерді енгізу белгілі бір уақытты талап етеді және 2020 жылдың қаңтар айында бекітіледі деп күтілуде. 

Бұған дейін ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Нұр-Сұлтан қаласы әуежайының кодын өзгертуге қатысты пікір білдірген болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы