Нұр-Сұлтанда 6 рейс кешіктіріліп, тағы бесеуі ұшуын тоқтатты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы қалалық әуежайдың баспасөз қызметі хабарлады.

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында 6 рейс кешіктіріліп, 5 рейс тоқтатылды.   

Әуе кемесінің басқа қалалардан кеш келуі себебінен 2 рейстің ұшып келуі кешіктірілуде:

- SCAT авиакомпаниясының 1 рейсі (Мәскеу); 

- Qazaq Air авиакомпаниясының Қостанай қаласынан 1 рейсі; 

Қолайсыз метеожағдайларға байланысты 4 рейстің ұшуы кешіктірілуде:

- Air Astana авиакомпаниясының Омбы қаласына 1 рейсі;

- Қостанай қаласына Qazaq Air авиакомпаниясының 1 рейсі;

- SCAT авиакомпаниясының Ұлан-Батыр мен Мәскеуге 2 рейсі;

- LOT Polish авиакомпаниясының Нұр-Сұлтан - Варшава бағыты бойынша 2 рейсі және Эйр Астана авиакомпаниясының Алматы, Омбы мен Мәскеуге 3 рейсі тоқтатылды.  

Қазір жолдағы көрінімділік қашықтығы - 350 метр, тік- 220 метр. Жел секундына 20 м, кей жерде екпіні секундына 23 м дейін жетеді. 


Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы штаттық режимде жұмыс істейді, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы