Әуеде Boeing 737 ұшағының алдыңғы әйнегі жарылып кетті

United Airlines компаниясына тиесілі Boeing 737 MAX ұшағы Денвер–Лос-Анджелес бағытындағы рейс кезінде апатты жағдайда Солт-Лейк-Сити әуежайына мәжбүрлі қону жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

The Aviation Herald мәліметінше, ұшақ шамамен 11 мың метр биіктікте болған сәтте экипаж кабинасындағы көпқабатты әйнектің бір қабатында жарық пайда болғанын байқаған. Экипаж мүмкін тәуекелдің алдын алу үшін бағытты өзгертіп, ұшақты тексеру мақсатында қонуды ұйғарған.

Қону сәті ешқандай төтенше жағдайсыз өтті. Абырой болғанда, жолаушылар мен экипаж мүшелерінің ешқайсысы зардап шеккен жоқ.

Мәжбүрлі қонудан кейін әуе компаниясы резервтік ұшақ бөлді, сол арқылы жолаушылар сапарын жалғастырды. Алайда ұшу шамамен алты сағатқа кешігіп орындалды.

Сарапшылардың айтуынша, мұндай оқиғалар сирек емес және көбіне жоғары биіктіктегі ауа температурасы мен қысымның күрт өзгеруінен туындайды. Бірақ қауіп тек әйнектің бірнеше қабаты бір мезгілде жарылған жағдайда ғана туындайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: pixabay.com
Өзгелердің жаңалығы