2 Тамыз 2023 2023, 20:05 Фото: - Архив

Әуе рейсіне тіркелу 3 тамыздан бастап ақылы болады

FlyArystan-ның ішкі және халықаралық рейстеріне тіркелу 3 тамыздан бастап ақылы болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

FlyArystan-ның ішкі және халықаралық рейстеріне тіркелу 3 тамыздан бастап ақылы болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

FlyArystan рейстеріне әуежайда тіркелу үшін ақша төлейсіз. Бұл қызметті алдын ала сатып алсаңыз — 5 000 теңге, ұшар алдында төлесеңіз — 10 000 теңге.

Ал алдын ала онлайн тіркелсеңіз - тегін.

Уақытыңызды үнемдеңіз және аз уақытта отырғызу талоныңызды басып шығарыңыз. 2023 жылдың 3 тамызынан бастап халықаралық рейстер үшін әуежайда тіркелу ақылы,- деп ескертті компания.