Әуе рейсімен келген 200-ге жуық азаматтың ПТР анықтамасы болмаған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті ақпанында халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар туралы хабарлады.
Өткен тәулікте Қазақстан Республикасының аумағына Мальдив Республикасы, БАӘ, Түркия, РФ, Беларусь Республикасы және Қырғызстаннан 9 халықаралық әуе рейсі келді. 1 252 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 060 адам, анықтамасыз 192 ҚР азаматтары келді, – делінген хабарламада.Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 5 рейс, 800 жолаушы, анықтамамен - 626, анықтамасыз - 174;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 2 рейс, 310 жолаушы, анықтамамен - 295; анықтамасыз - 15;
Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 135 жолаушы, анықтамамен - 132; анықтамасыз - 3;
Қарағанды қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 7 жолаушы анықтамамен келген.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде. Ал 7 ақпанында шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР-талдау нәтижелері бойынша Дубай – Нұр-Сұлтан рейсімен келген төрт жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталған, - дейді Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінен.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы