Әуе компаниясының 51%-ы мемлекетке тиесілі болуы керек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты.


Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Әуе қатынасы туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңның жобасы қаралды.

Осы келісімнің 4-бабында ұшуды орындауға арналған техникалық рұқсаттың күшін жоюдың үш мүмкін негізі қарастырылған. Солардың бірі – авиакәсіпорынға басымдықпен иелік ету және іс жүзінде бақылау жүргізу, екінші тарапқа не оның азаматтарына немесе екеуіне де тиесілі болмаған жағдайда бұл рұқсаттың күшін жоюы мүмкін. Осыған байланысты менің сұрағым бар: Авиакәсіпорынға басымдықпен иелік ету ұғымы түсінікті. Ал іс жүзінде бақылау жасауды белгілеу үшін қандай өлшемдер мен көрсеткіштер қолданылады? – деп депутат Нұрлыбек Ожаев сұрады.

Өз кезегінде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов сұраққа былай деп жауап берді.

Негізгі критерий – әуе компанияны ұшулармен тағайындаған мемлекетке тиесілі болу. Бізде ереже бойынша 51%-ға тиесілі болу керек. Мысалы, Қазақстаннан ұшатын Air Astana компаниясының үкіметтік меншікте 51%-ы бар. Ал сол елдің азаматтарына 55% меншікте болуы тиіс, - деп айтты министр.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы