Әуе арқылы жүк тасымалдайтын компания Қазақстанға қатынай бастады

Жүк әуе тасымалдарының әлемдік нарығының үздігі Cargolux Астана әуежайымен ынтымақтастықты бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгін Сargolux жүк әуекомпаниясы өзінің алғашқы рейсін орындады. Болашақта Люксембургтен Қытай, Жапония және Тайвань қалаларына аптасына 10-нан астам рейс жоспарланған, - делінген баспасөз хабарламада.

Астанада ұзақ уақыт бойы тұрақты жүк рейстері болмағанын еске сала кетейік. Сargolux әуекомпаниясы жаңа мүмкіндіктерді қарастырып, Еуропа мен Қазақстан және Оңтүстік-Шығыс Азия елдері арасындағы жүк ағынын дамыту үшін Астана қаласын таңдады.

Елордалық әуежайдың географиялық орналасуы өте жақсы, сонымен қатар Қазақстандағы ең үздік инфрақұрылымы бар әуежай болып есептеледі. Әуежай 2020 жылы өз бизнесін әртараптандырды, жүк транзиттік әуекомпанияларын тартудың ең жақсы шарттарын ойластырды, сондықтан әлемдегі ең тарихи және ең танымал тасымалдаушылардың бірімен серіктес бола алды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы