4 Қыркүйек 2024, 11:05
Фото: Жоғары аудиторлық палатасы
Аудиттен кейін Қызылағаш су қоймасындағы бөгет жөнделетін болды
Жоғары аудиторлық палатасының нұсқамасын орындау шеңберінде Жетісу облысындағы Қызылағаш өзенінің су қоймасы бөгетінде қажетті жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жоғары аудиторлық палатасының нұсқамасын орындау шеңберінде Жетісу облысындағы Қызылағаш өзенінің су қоймасы бөгетінде қажетті жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Өткен жылғы жазда «Қазсушар» РМК қаржы-шаруашылық қызметінің тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізілді. Аудит барысында жұмыс жобаларында бұрын су тасқынынан бүлінген апаттық су ағызу құрылысының бетон жабындарын (бөгеттің бір бөлігі) жөндеу көзделмегені анықталды. Ал ескі бетонның кейбір жерлерінен су өтіп жатыр, бұл оның одан әрі бұзылуына әкелуі мүмкін. Осыған байланысты кәсіпорынға тиісті шаралар қабылдау тапсырылды.
Нәтижесінде биыл маусым айында су ағызу құрылысы тексеріліп, зақымдалған жерлерде қажетті жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.
Осылайша, Жоғары аудиторлық палата нұсқамасының тағы бір тармағы орындалды.
- Жерде соңғы үш айдағы ең күшті магниттік дауыл тіркелді 07:49
- Ақтөбенің 100-ден астам креаторы Астанада өз жобаларын таныстырды 07:12
- Ұлытау облысында 50 шаршы метр аумақта битум өртенді 06:35
- «Трамп мұхиты» болуы мүмкін: АҚШ президенті жаңа жоспарын айтты 05:18
- Алматыда қоқыс жәшігінің жанынан мылтық табылды 04:27
- Парсы шығанағында өртенген танкерден 22 теңізші құтқарылды 03:40
- Тұман және қатты жел: 15 облыста дауылды ескерту жарияланды 02:34