Аудиттен кейін "Қазақстан" сауда-көрме орталығы тарайтын болды
Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасы бойынша «QazExpoCongress» Ұлттық компаниясы құрылымын оңтайландырып, «Қазақстан» Сауда-көрме орталығы» еншілес корпоративтік қорын таратты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасы бойынша «QazExpoCongress» Ұлттық компаниясы құрылымын оңтайландырып, «Қазақстан» Сауда-көрме орталығы» еншілес корпоративтік қорын таратты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жоғары аудиторлық палатасының мәліметінше, Cауда және интеграция министрлігі мен оның ведомстволық бағынысты ұйымдарында жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесі бойынша Ұлттық компанияның екі корпоративтік қоры бар екені анықталды. Олар: «QazExpoCongress» және «Қазақстан» Сауда-көрме орталығы» қоғамдық қорлары.
Бірінші қор арқылы Ұлттық компанияны нысаналы қаржыландыру жүзеге асырылады, ал екіншісі Мәскеудегі Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесі аумағындағы және Дубайдағы ЭКСПО-2020 аумағындағы қазақстандық павильондарды басқарады.
Бұл екі коммерциялық емес ұйымдағы жұмыс жүктемесінің аздығы, сондай-ақ жекелеген функциялардың қайталануы олардың одан әрі қатар жұмыс істеуінің орындылығына қатысты сұрақ туындатты. Осыған байланысты сауда және интеграция министрлігіне «QazExpoCongress» ҰК» АҚ-мен бірлесіп тиісті шара қабылдау тапсырылды.
Нәтижесінде Ұлттық компания Министрлікпен келісім бойынша «QazExpoCongress» КҚ-ның қарамағына қолда бар мүлікті, ғимараттарды, сондай-ақ шарттар бойынша міндеттемелерді бере отырып, «Қазақстан» Сауда-көрме орталығы» КҚ-ны тарату туралы шешім қабылдады.
Жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасының басқа тармақтары толық орындалғанға дейін бақылауда болады.
- «Соңғы бірнеше айда қиын кезеңді бастан өткерген»: Алматыда пәтерден 33 жастағы ер адамның денесі табылды 20:45
- Павлодарда шетел азаматтарын жұмысқа заңсыз тартқан тұрғын анықталды 20:23
- Вице-Президент Ерлан Қарин шетелдік діни көшбасшылардың өкілдерімен кездесті 20:15
- Жер салығы дұрыс есептелмеген: Атырауда 6,5 мың адамның құқығы қорғалды 20:11
- Қасым-Жомарт Тоқаев Қылмыстық істер бойынша Еуропа конвенциясын ратификациялау туралы заңға қол қойды 20:01
- 100-ге жуық тұрғын «Жасыл аула» акциясына қатысты 19:45
- Сабақтағы төбелес: Ақтауда оқушы ауруханаға түсті 19:32