Аудиторлар 168 млрд теңгенің бұзушылығын анықтаған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Соңғы сегіз айда мыңнан аса аудиторлық тексеру жүргізіліп, 168 миллиард теңгенің қаржылық бұзушылықтары анықталды. Бұл туралы бүгін Үкіметтің онлайн отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлім етті.
Қаржы министрінің айтуынша, өткен сегіз айда камералдық бақылаумен сомасы 12,3 трлн теңгеге 1 миллионнан аса мемлекеттік сатып алу рәсімі қамтылды. Тексеру қорытындысы бойынша 4,6 трлн теңге сомада бұзушылықтар ескертілді. Мыңнан аса аудиторлық іс-шара өтіп, 603 млрд теңге бюджет қаражаты аудитпен қамтылды. 168 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды. Сондай-ақ, тауар жеткізімін қалпына келтіру, қызмет көрсету және жұмыстарды орындау, бюджетке өтеу және есеп беру бойынша 162 млрд теңгеге бұзушылықтар жойылды, - деді Ерұлан Жамаубаев.Оның айтуынша, аудит объектілері қызметін жетілдіру және тиімділігін арттыру үшін 966 ұсыным берілді. Оның ішінде 760-ы орындалған. Бұған дейін министр бюджет қаржысының игерілмеу себебін түсіндірген болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Жетісуда медицина деңгейі төмен
Өзгелердің жаңалығы