Аудармашы Ахмет Баржақсиннің туғанына — 130 жыл
Қоғам қайраткері, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы, аудармашы Ахмет Баржақсиннің туғанына — 130 жыл.
Қаламгер қазақтың 1710 мақал-мәтелін жинап, соны іріктеп 1915 жылы тұңғыш рет «Мың бір мақал» кітабын қазақ-орыс тілдерінде жарыққа шығарды.
Сондай-ақ оқу-ағарту, мәдениет мәселелері, әйел теңдігі жайлы мақалалары мен әңгімелері «Қазақ», «Алаш», «Сарыарқа», «Үш жүз» газеттерінде, «Айқап» журналында басылды.
Ол аудармашылықпен, ауыз әдебиетін жинаумен айналысты. Л.Толстойдың бірнеше әңгімесін қазақшаға аударып, «Айқап» журналында жариялады.
«Ертерек білсең жасырма» атты мақаласы Орыс географиялық қоғамының «Жазбаларында» жарық көрді. 1927 жылы «Елге шаруа кооперативі ісінің қайсысы қолайлы?», «Тұтыну дүкенінің ісін қалай жүргізу керек?» деген кітапшалары жарық көрді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы