Аудандық газеттердің мәселесін талқылаймыз – Дархан Қыдырәлі
«Жаңаарқа» аудандық газетінде редакция ұжымымен кездескен Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Аудандық газеттердің жағдайы әртүрлі болып отыр. Кейбірі жекеге өтті, бірқатары медиа холдингтердің құрамында. Көп газеттің веб-сайты жоқ, заманауи технологияларды енгізе алмай отыр. Сондықтан осы секілді күрделі мәселелерді шешу үшін алдағы қаңтарда Астанада аудандық газет басшыларының жиынын өткізуді жоспарлап отырмыз,- деді министр.
Дархан Қуандықұлының сөзінше, елордада болатын іс-шарада аудандық басылым жетекшілерін оқыту, республикалық басылымдарда кездесулер ұйымдастырып, әріптестер өзара тәжірибе алмасады.
Естеріңізге сала кетейік, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында халықпен кездесіп, азаматтарды жеке қабылдады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматы тауларына блокбекеттер қойылды
Келесі жаңалық
"Теңге 100 есе құлдырады". Ұлттық валютаға сұраныс неге аз?
Өзгелердің жаңалығы