Аудандық ауруханаларға 24 жылжымалы медициналық кешен жеткізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов пен Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой аудандық ауруханаларға 24 жылжымалы медициналық кешенді тапсырды.

8 ЖМК Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарына, 5 бірлік - Павлодар облысына және 3-і – Қарағанды облысына жіберілді. Жылжымалы медициналық кешендер халыққа көрсетілетін көмек сапасын арттыруға және шалғай елді мекендерде қызметтер спектрін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Сапалы медициналық көмек көрсету үшін, жағдайдың ушығуына жол бермеу мақсатында Үкімет ауруханаларды медициналық жабдықтармен қамтыды: 20 компьютерлік томограф, 53 рентген-аппарат, 64 оттегі станциясы орнатылды және мыңнан астам отандық санитарлық автокөлік сатып алды.


Бүгін біз солтүстік өңірдегі төрт аудандық ауруханаға 24 жылжымалы медициналық кешен табыстаймыз. Ауыл тұрғындарына медициналық көмек көрсету үшін аса қажетті жабдықтармен жабдықталған тағы 76 жылжымалы ккешен еліміздің түкпір-түкпіріне жеткізіледі. Олардың барлығы отандық өнім екені қуантады. Енді ел ем іздеп аудан, ірі қалаларға жүгірмейді, медициналық көмектің өзі ауылға келеді, - деді Ералы Тоғжанов.

Үкімет коронавирус инфекциясының таралуын тоқтату үшін тиісті шаралар қабылдауда. 


Ал COVID -19 ықтимал екінші толқынына дайындық жалғасуда. Өңірлерге 1500 отандық ӨЖЖ стационарлық аппарат жөнелтілді, ауруханалар оттегі концентраторларымен жабдықталды, ал «СҚ-Фармация» бірыңғай дистрибьюторы стационарларда және амбулаториялық деңгейде емдеу үшін қажетті дәрілік препараттарды толық сатып алуда. Өңірлерге 25 ЖМК жөнелтілді, тағы 24-ін бүгін табыстаймыз. Бұл кешендер ел азаматтарына сапалы, ең бастысы, уақтылы көмек алуға мүмкіндік береді. Өндіруші тағы 14 ЖМК дайындап қойған, ал қалған 37-сі 23 қазанға дейін өңірлерге жібереді. Осылайша, Министрлік уәдесін орындады, осы айдың соңына дейін 100 ЖМК шалғай аудандарға жетізеді, - деді А. Цой.


Жылжымалы мобильді кешендерді тапсыру рәсіміне Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық ауруханасының бас дәрігері Николай Новиков қатысты. Оның айтуынша, ЖМК халыққа медициналық көмек көрсету жұмысын жақсартады, себебі дәрігерлер аудан орталығынан шалғай орналасқан ауылдарға жедел жетуге мүмкіндік тумақ.

Солтүстік Қазақстан облысында 150-200 шақырымға дейін алыс жатқан аудандар бар. ЖМК арқасында дәрігерлер бригадасы елді мекендерге скрининг, тексеру және профилактикалық тексеруге бара алады. Сондай-ақ барлық қажетті көмекті сол жерде көрсетіледі. Бұл заманауи медицина талаптарына сәйкес келеді және алғашқы медициналық-санитарлық көмек қолжетімді болады, - деді Новиков.

Жылжымалы медициналық кешендер Қостанайдағы «СарыарқаАвтоПром» зауытында жасалған. ЖМК мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған жеке кіру есігі мен арнайы лифт-пандус бар. Кешенде гинекологиялық тексеру, рентген және флюорография бөлімі, жалпы қабылдау, жалпы практика дәрігері кабинеті, зертханалық диагностика, функционалдық диагностика (УДЗ, ЭКГ) бөлімшесі орналасқан.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы