Аудан сақшылары көпбалалы отбасына көмектесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ескелді ауданының полицейлері отбасындағы 5-сынып оқушысына планшет табыс еткен. Планшетке полиция басшыcы мен бөлімше басшылары да ақша қосыпты.

Аудан полицейлері жалпы жиналыс өткізу барысында аудандағы аз қамтылған көпбалалы отбасылардың біріне материалдық көмек көрсетуге шешім қабылдаған. Сол сәтте көмекке мұқтаж Әли отбасы қолдау қажет ететіндер тізімінің басында болған. Себебі, онда әкесі 5 баланы жалғыз өзі бағып-қағып отыр.

Еске сала кетсек, 2015 жылы сырқат салдарынан 5 баланың анасы көз жұмған. Отағасының тұрақты жұмысы жоқ, ол балаларын кездейсоқ табыспен асырап келеді. Сондықтан сол отбасындағы сыныбының үздігі Аяулымға планшет табыс етілді. Жалпы, жиналған ақшаға сол заманауи планшет пен бірнеше оқу құралдары алынған.

 


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы