Нұр-Сұлтанда аудан әкімінің орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданы әкімінің орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сонымен қатар, аудан әкімінің орынбасарына пара берлді деген жеке компания басшысына қатысты тергеу амалдары басталды. 

"Аудан әкімінің орынбасарына ауданды жарықтандыру қызметіне мемлекеттік сатып алу келісімшарты бойынша атқарылған жұмыс актісіне қол қою арқылы жекеменшік компания директорынан 5 млн теңге көлемінде пара алды деген айып тағылуда", - делінген хабарламада.

Тергеу амалдары жалғасуда. Аталған қылмыстық іс бойынша шешімді сот шығарады.


 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы